Accessibility links

Самара қаласында Евродақ-Ресей саммиті аяқталды


Ресей президенті В.Путин мен Евродақ жетекшілері саммитте қаралған түрлі мәселелер бойынша бірізді пікірге келе алмады. Келіссөздерден кейінгі баспасөз-мәслихатында Европа комиссиясының президенті Жоза Мануел Баррозу Польшадан импортталатын етке салынған шектеуді алуға Ресейдің қарсы болуының ешқандай себебін көріп тұрмағанын, сондай-ақ Ресейдің Евродақтың жаңа мүшесі Эстониямен арасындағы проблемасы бүкіл Одақтың мәселесі болғанын айтты.

- Польша етіне қақтысты мәселе күрделі. Біз ресейлік әріптестерімізге Евродаққа мүше елдің қиындығы бәріміздің де қиындығымыз екенін айтуға мүмкіндік алдық. Біз ынтымақтастық негізінде құрылған одақпыз, бізде қазір 27 ел бар. Міне, сол себепті де Польшаның, Эстонияның, Литваның да проблемасы Европаның проблемасы.

Ресей президенті саммитте Латвия мен Эстонияны сол елдерде тұратын орыстарға қарсы дискриминация жасап отыр деп сынады, бірақ аталған мемлекеттер мұндай айыптауларды қабылдамады.
XS
SM
MD
LG