Ауғанстанның солтүстігіндегі Құндыз өлкесінде орын алған жанкештілік шабуылдан Германияның үш әскері мен кемінде 4 ауған азаматы қаза тапты. Ресмилердің айтуынша, әлгі жанкешті бүгін базарда өзін-өзі жарып жіберген. Ал елдің шығысында АҚШ жетекшілігіндегі коалиция күштері шамамен 70 талибан соғысушысын өлтірген. Бұл шайқас жұма күні Пәкістан шекарасына жақын Пактия өлкесінде орын алған.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
AzattyqTV