Бүгін Тони Блэр Ирақ президенті Жалал Талабани және премьер-министр Нури әл-Маликимен кездесіп, Ирақтағы қауіпсіздік мәселесін талқылады. Тони Блэр 2003-ші жылы ағылшын әскерін АҚШ жетекшілігіндегі коалиция құрамына енгізіп, оларды Ираққа жіберген болатын. Бүгін Бағдадта журналистердің алдында сөйлеген сөзінде Тони Блэр Ирақты басып алуға қатысқаным үшін еш өкінбеймін деп қайталап айтты. Бұл - Блэрдың премьер-министр ретінде Ираққа соңғы сапары болуы мүмкін, себебі ол маусымның 27-де қазіргі қызметінен кетеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?