ВАШИНГТОН: АҚШ-тың экс-президенті Джимми Картер қазіргі президент Дж.Буштың жүргізіп отырған сыртқы саясатын “тарихтағы ең сорақысы” деп ащы сынға алды. Сонымен қатар экс-президент ағылшын премьер-министрі Т.Блэрдің Ирақтағы соғысты қолдаған әрекетін “жиренішті қылық” деп бағалады. Дж.Картер – 1977-81-інші жылдары АҚШ президенті болды. Ал үкімет басынан кететін Т.Блэр кеше Бағдадта Ирақ үкіметімен келіссөз өткізіп, Басра қаласында Ирақтың оңтүстігіне шоғырланған ағылшын әскерлерімен кездесіп, оларға рахметін айтты.