Accessibility links

Палестина басшылары бітім шарттарын талқылады


Палестина президенті, "Фатах" ұйымының өкілі Махмұд Аббас және бақталас "Хамас" ұйымының өкілі, бас министр Исмаил Хания кездесіп, Газа секторында өз-ара жанжалды тоқтату амалдарын талқылады. Бақталас топтардың қақтығыстары осыдан екі апта бұрын басталғалы бері олар алғаш рет кездесті. Қарулы қақтығыстарда елуден астам палестиналық қаза тапты. Сенбі күні бітім келісімі жасалды. Мұндай келісімдер бірнеше рет жасалып, үнемі бұзылатын.
XS
SM
MD
LG