Accessibility links

Әзірбайжанда оппозициялық екі газеттің кеңсесінде тінту болды


Әзірбайжан ұлттық қауіпсіздік мекемесі кеше Баку қаласында оппозициялық екі газеттің кеңселерінде тінту жүргізді. "Реальный Азербайджан" және "Гүндәлік Әзірбайжан" газеттерінің кеңселерінен 20 компьютердің процессоры, СД-дисктер және басқа материалдар тәркіленді. Газет редакторы Ейнулла Фатуллаевтің үйінен мылтық алынды, дейді адвокат Исахан Асуров. АҚШ-тың Әзірбайжандағы елшілігі тінтулерді айыптады, Әзірбайжан үкіметі баспасөз бостандығын қамтимыз деген міндеттемесіне қайшы істеп отыр деді.
XS
SM
MD
LG