Александр Козулин заңсыз шерулер ұйымдастырды деп бес жарым жылға отырғызылған. Ол 2006 жылы президент сайлауында Беларус басшысы Александр Лукашенкоға бәсеке құрды, алайда табысқа жете алмады. Сайлау қортындысы жарияланған соң Александр Козулин наразылық шерулерін ұйымдастырған болатын, сол үшін сотталып кетті.