Accessibility links

Британия прокурорлары Литвиненконың өліміне ресейлік кәсіпкер айыпты дейді


Британияның мемлекеттік айыптаушылары Ресейдің бұрынғы қауіпсіздік агенті Александр Литвиненконың уланып өлтірілуіне қатысы бар деген қылмыстық істі ресейлік кәсіпкер Андрей Луговойға қарсы қозғау керек деген ұсыныс білдірді.

- Мен бүгін бізге полицияның берген деректерін қарай келе, Луговойды Литвиненконы улау арқылы өлтіру ойы болды деп айыптауға болатынына көз жеткіздім. Бұл іс бойынша сот процесінің жүруі қоғам мүддесін көрсетеді, - деді Британия королдігі қауіпсіздік қызметінің жетекшісі Кен Макдоналд.

Ол Андрей Луговойдың Ресейден экстрадациялануын сұрайтын боламыз деп айтқан. Алайда Ресейдің жаңалықтар агенттіктері Бас прокуратураның Луговой Британияға берілмейді деген сөздерін келтірген. Өліп бара жатқан сәтте Литвиненко Ресей президенті В.Путинді өзінің өліміне тікелей кінәлілердің қатарында атаған болатын.
XS
SM
MD
LG