Ресмилердің айтуына қарағанда, Кемерово облысындағы Юбилейная шахтасында жарылыс орын алған сәтте жер астында 217 кенші болған. Әзірге шейін 179 шахтер құтқарылған, олардың 6-ы түрлі жарақат алған. Құтқарушылар хабарсыз кеткен үш адамды іздестіруде. Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз хатшысы Ирина Андрианова журналистер алдында былай деді:
- Барлығы шахтада 217 шахтер қалған. Аймақ пен шахта басшылары оқиға болған жерде, басқа да құтқарушылар, дәрігерлер мен психологтар да сонда.
Жарылыс Новокузнецкідегі Юбилейная шахтасында болды. Ал өткен наурыз айында Ресейде шахта апатында 110 кенші құрбан болған еді.