Ресми мәлімет бойынша, мұндай жоспардан тыс тексеру Қазақстанда тұңғыш рет жүргізіліп отыр екен. Тексеруге түскен оқу орындарының ректорлары 16 сұрақ бойынша жауап беруге тиіс болған. Қазақстан жастар конгресінің атқарушы директоры Мадияр Қожахметтің айтуынша, сауалнама жасаушылардың жан-жақты пікір жинауы шарт:
- Менің ойымша, олар ректорлардан басқа сол оқу орнында оқитын студенттерден де сұрауы керек.
Білім министрлігінің қадағалау және аттестациялау комитетінің төрағасы Тахир Балықбаевтың айтуынша, тексеру тек ректорлардың жауабына сүйенбейді:
- Тіпті, студенттердің арасында анкета жүргізіліп оның да нәтижелері қарастырылды. Әрбір жоғарғы оқу орнында арнайы комиссия жұмыс істеді ғой.
Тексеру нәтижесінде парламент депутаттары және құқық органдарының өкілдері кірген республикалық комиссия шешімімен Қазақстан бойынша жоғарғы оқу орындарының 17 пайызы және филиалдардың 58 пайызы қысқаратын болды. Олар осы жылдың қыркүйек айынан бастап лицензиясынан айырылады. Әзірге жұмыс тобының қызметі бітпейінше олардың толық тізімі жарияланбайды. Белгілісі бірнешеу, дейді Білім министрі Түймебаев:
- 30-ға жуық университет және 50 филиал жаңа оқу жылынан бастап білім беру қызметін тоқтатады. Алматы қаласында Қазақ құқық және халықаралық қатынастар институты жабылды. Сондай-ақ Халықаралық мамандықтар институты, Қарағанды қаржы институты. Көпшілігінде 500-ге жетпейтін студенттері бар. Былай қарасаңыз, мектепте де одан көп.
Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевтың айтуынша, Қазақстанда 85 мың адамға 1 жоғарғы оқу орнынан келеді. Бұл халықаралық стандарттармен салыстырғанда бірнеше есе артық, дейді министр. Қысқарған филиал студенттері оқуын жоғарғы оқу орнының бас ғимаратында жалғастырады, ал жабылып қалған жоғарғы оқу орнының шәкірттері қаладағы басқа білім мекемесіне ауыстырылады деп хабарланды. Ал жабылатын оқу орындарының барлығы жеке меншік екен. Білім министрлігінің қадағалау және аттестациялау комитетінің төрағасы Тахир Балықбаевтың айтуынша, мемлекеттік оқу орындары жабылмайды:
- Олардың да кемшіліктері бар. Ол кемшіліктерді түзетуге уақыт беріледі. Мемлекеттік жоғарғы оқу орындарында студенттердің саны болсын, ұстаздардың саны болсын талаптарға сай келеді.
Оқу орындарының көпшілігі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізбеген, шәкірттер саны тым аз, ал мұғалімдері, оқулықтары, оқу бөлмелері жеткіліксіз болып шыққан. Кейбір оқу орындарында күндізгі бөлімде небәрі 100-ге жуық адамға дәріс берілген, дейді министр Түймебаев. Және кейбір оқу орындары әдейі арзан баға сұрап, сапасыз білім берген, дейді министрлік өкілдері. Астанадағы Агротехникалық университеттің студенті Есенжол Аманбаевтің пікірінше, мәселе оқу үдерісінің құнында емес:
- Мен оқыған Аграрлық университеттің оқу бағасы Евразия университетімен салыстырғанда әлдеқайда төмен болды. Бірақ, білім сапасы Евразиядан төмен деп айта алмаймын.
Тағы бір сын, бірде-бір қазақстандық мекемені шетелдік аккредитациялық орган тіркемеген. Министрдің мәліметінше, жалпы Қазақстан бойынша 60 жоғарғы оқу орны заңгерлерді дайындаса, 100 мекеме экономистерді дайындайды екен. Бұл тым көп, дейді министр Түймебаев. Айта кететін жайт, Қазақстанда 100 мың маман жетпейді, деді министр. Жалпы, Қазақстан бойынша 176 жоғары оқу орны және 85 филиал бар. Тексеруге түскені 143 мекеме. Ал орта оқу орындары мүлде тексерілмеді. Астанадағы Еуразиялық университетінің мұғалімі Сейфолла Сапановтың айтуынша, тек жоғары білім беру орындарымен шектеліп қалмау қажет:
- Жоғарғы жақ белгіленгенімен орта буындағы университеттерді анықтап алу керек. Мысалы, шет елде провинция мен орталықтағы университеттердің деңгейі бірдей.
Министр Түймебаевтың айтуынша, енді шағын жоғарғы оқу орындары біріктіріледі. Және бұдан былай жоғарғы оқу орындарына берілетін лицензия мемлекеттік деңгейде емес, қоғамдық қараумен беріледі, дейді министр Түймебаев.