Accessibility links

Украинада саяси дағдарыс тереңдей түсті


Президент Виктор Ющенко бас прокурор Святослав Пискунды бір айдан соң қызметінен алып тастады. Ющенко прокурор Пискун парламент депутаттығынан бас тартпапты деді. Святослав Пискун және Украина бас министрі Виктор Янукович президент Ющенконың шешімін заңға қайшы деп қабылдады. Пискун жарлыққа бағынбай, кеңсесіне кіріп алды, оған ішкі істер министрі Василь Тарасенко бастаған полиция жол ашып берді. Президент Ющенко мұны заңсыз қимыл деп айыптады, заң салаларының басшыларын төтенше мәслихатқа шақырды. Бас министр Янукович Пискунды қызметінен алып тастаудың салдары апатқа әкелуі мүмкін деді, бірақ анархия не болмаса азаматтық соғысқа жол бермейміз деді.
XS
SM
MD
LG