Accessibility links

Дж.Буш Ирақ пен Ауғанстандағы соғысқа қаржы бөлетін заңға тез қол қояды


ВАШИНГТОН: АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы мен Сенаты үстіміздегі қаржы жылында Ирақ пен Ауғанстандағы соғыс қимылдарының қосымша шығындары туралы заң жобасын мақұлдады. 100 млрд. долларды құрайтын қосымша шығындарды Конгрестің қос палатасы да басым дауыспен қабылдады. Осы заң жобасының алдыңғы үлгісінде Ирақтан АҚШ әскерін шығарудың нақты мерзімі көрсетілгендіктен президент Дж.Буш оған вето қойған болатын. Енді Дж.Буш соңғы үлгісіне тез қол қоюға тиіс.
XS
SM
MD
LG