Accessibility links

Жалалабад қаласының сайлаушылары өздерінің депутатына араша түсті


ЖАЛАЛАБАД: Бүгін Ауғанстанның Жалалабад қаласында арасында әйелдер де бар 200-ге жуық адам шеруге шығып, парламеттен депутаттық мандатынан уақытша айрылған әйелге құзырын қайтаруды талап етті. Малалай Джойя деген депутат әйелдің мандаты парламентті “не есектен, не сиырдан артық пайдасы жоқ” деп сынағаны үшін 21-інші мамыр күні уақытша тоқтатылған болатын. Жалалабад қаласындағы шеруге шыққан жұрт парламенттің Фарах облысынан сайланған депутатты мандатынан айыратын құзыры жоқ деп мәлімдеді. Бейсенбі күні де осындай шеру болып өтті.
XS
SM
MD
LG