БРНО: Бүгін Чехияның Брно қаласында Орталық және Шығыс Еуропадағы 15 мемлекет басшыларының саммиті өтіп жатыр. Оның күн тәртібіне қойылған халықаралық тақырыптардың ішінен АҚШ-тың Чехия мен Польшаға зымырандық соққыдан қорғану жүйесін орналастыру жоспарына және Косово өлкесінің құқықтық мәртебесі проблемасына ерекше мән беріледі. “Брно саммитіне” Аустрия, Мажарстан, Польша, Словакия және Чехия мен Балкан түбегі елдерінің президенттері қатысуда. Украина президенті В.Ющенко елдегі күрделі саяси ахуалға байланысты оған қатысудан бас тартты.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Азаматтық қоғамға – Алашорданың мүлкін қайтару. Төртеудің хаты