Accessibility links

Яап де Хууп Эстония веб-сайттарын бұзу шабуылдары НАТО ұйымын алаңдатады деді


НАТО бас хатшысы Яап де Хууп Схеффер таяуда жасалған Эстония веб-сайттарын бұзу шабуылдары қауіпсіздік мәселесін туғызды, бұл НАТО ұйымын алаңдатады деп мәлімдеді. НАТО бас хатшысы мәлімдемені Португалияда өткен одақ елдері парламенттері депуттарының кездесуінде айтты. НАТО бас хатшысы мәселе алдағы уақытта күн тәртібіне келеді деді. Эстония үкіметі Таллинн қаласында Совет әскері ескерткіші көшірілген соң веб-сайттарымызға Ресей тарапынан шабуыл жасалды дейді. НАТО одағы Эстония веб-сайттарының қауіпсіздігін қамту мақсатында елге сарапшыларын жолдаған болатын.
XS
SM
MD
LG