Accessibility links

Украина басшылары бүгін кездесіп, саяси дағдарысты талқылауға тиіс


Украина президенті Виктор Ющенко және бас министр Виктор Янукович бүгін кездесіп, саяси дағдарысты талқылауға тиіс. Олардың келіссөзі кеше кешкісін Киевте басталды. Сөйлесуге парламент төрағасы Олександр Мороз, оппозиция басшысы Юлия Тимошенко қатысты. Президент Ющенко ішкі істер әскерін кеше өз бақылауына алған соң саяси дағдарыс тереңдей түсті. Мұның алдында президент Ющенко бас прокурор Святослав Пискунды қызметінен алып тастағанда, ол президент жарлығына көнбей қойды, кеңсесіне ішкі істер министрі бастаған полицияның көмегімен кіріп алған болатын. Америка Құрама Штаттары мен Еуропа Одағы Украина басшыларына қайырылып, араздықтарын бейбіт жолмен шешуге шақырды.
XS
SM
MD
LG