Accessibility links

Бүкіл әлемде “құс тұмауынан” қаза болғандар 186-ға, ал Қытайда 15-ке жетті


БЕЖИН: Қытайдың денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, 1 жауынгерден адамның өміріне өте қауіпті болып табылатын “құс тұмауының” Н5N1 вирусы аңғарылды. Министрліктің интернет-сайтына шыққан хабарға сәйкес, 19 жастағы жауынгер әскери госпитальде емделу үстінде. Осы жылы Қытай тағы 2 адамның, оның ішінде 16 жастағы бозбаланың “құс тұмауына” шалдығып, әлгі бозбаланың наурыз айында қыршын болғанын хабарлаған болатын. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, 2003-інші жылдан бері қарай “құс тұмауынан” бүкіл әлемде 186 адам, оның ішінде Қытайда 15 адам қаза болды.
XS
SM
MD
LG