Accessibility links

Соңғы 2 тәулік ішінде Израиль армиясы Палестинаның 2 министрін қамауға алды


ТАЯУ ШЫҒЫС: Бүгін Израильдің соғыс авиациясы “Хамас” тобының Газа аймағындағы нысандарына бірнеше дүркін соққы берді. Бір зымыран “Хамас”-тың Газа қаласындағы базасы орныққан ғимаратқа тиіп, кемінде 2 адам қаза тапты, бесеуі жараланды. Босқындардың “Шати” лагерінде Палестинаның премьер-министрі әрі “Хамас” көсемдерінің бірі Исмаил Ханияның үйі маңында тағы бір зымыран жарылып,. 3 адам жеңіл жараланды. Өткен түнде Израиль әскері Иордан өзенінің Батыс жағалауында “Хамас” ұйымының мүшесі болып табылатын тағы бір министрді ұстады. Жалпы соңғы бірнеше күннің ішінде “Хамас”-тың 30 шақты көрнекті өкілі, оның ішінде 2 министр тұтқындалды.
XS
SM
MD
LG