Accessibility links

Президент Н.Назарбаевтың билік үшін бақталасы өз туыстарының арасынан шықты


АСТАНА: Қазақстан президентінің үлкен күйеу баласы Рахат Әлиев оппозицияға кетті. Бүгін өзінің қадағалауындағы интернет-парақшаларына жариялаған үндеуінде Р.Әлиев президент билігі үшін күресетінін мәлімдеді. “Бірнеше ай бұрын мен Нұрсұлтан Әбішұлына 2012-інші жылы өтетін келесі президент сайлауына түсуге шешім қабылдағанымды айттым... Біздің елімізде өзімнің қаншама көп жақтасымның бар екенін мен білемін. Болашақ біздің қолымызда екеніне кәміл сенемін”, деп мәлімдеді 44 жастағы Р.Әлиев. Қазір Қазақстанның Аустриядағы елшісі болып табылатын Рахаттың үстінен таяуда ғана қылмыстық іс қозғалып, бейсенбі күні Бас прокуратураның талабы бойынша, оның меншігіне жататын “КТК” телеарнасы мен “Караван” апталық газетінің қызметі 3 айға тоқтатылды. Рахат Әлиев – президент Н.Назарбаевтың үлкен қызы – Дариғаның күйеуі.
XS
SM
MD
LG