БАҒДАД: Ирақтағы АҚШ армиясының хабарлауынша, жұма күні Ирақта тағы 2 жауынгері қаза тапты. 1 жауынгер Диала өлкесіндегі жол бойына орнатылған бомбаның жарылысынан мерт болса, екіншісі – Бағдад қаласының іргесіндегі атыста оққа ұшты. Ираққа АҚШ әскері басып кірген 2003-інші жылдың наурызынан бері Ирақта Американың 3.440-тан астам жауынгері қаза болды. Ирақтың оңтүстігіндегі Әл-Басра қаласында ағылшын күштері мен шийт жасақтары арасында кескілескен атыс болды. Көмекке соғыс авиациясын шақыруға тура келді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Назарбаев сенбеген тұңғыш Конституция жобасының дауы
-
"Сатира қылмыс емес"
Қамауға алынған танымал паблик авторын қолдағандарды қудалау жалғасып жатыр