Accessibility links

Ресми Теһранның пікірінше, АҚШ “Ирақтағы дұрыс емес саясатын” мойындауға тиіс


ТЕҺРАН: Иранның сыртқы істер министрлігі егер ресми Теһран мен Вашингтонның арасындағы тікелей келіссөз нәтиже беруі үшін АҚШ “Ирақтағы саясатын өзгертуге тиіс” деп мәлімдейді. Сыртқы істер министрі Манучир Моттақидің атап көрсетуінше, Америка Құрама Штаттары келіссөздің барысында өзінің “Ирақтағы дұрыс емес саясатын талдауға” келісімін беруге тиіс. АҚШ пен Иранның Ирақтағы елшілері дүйсенбі күні келіссөз өткізеді. Бұл – Ирандағы 1979-ыншы жылғы “Ислам төңкерісінен” кейін екі елдің жоғары лауазымды өкілдерінің ең алғашқы кездесуі болмақшы.
XS
SM
MD
LG