Кеше жарияланған мәлімдемеде тыңшылар ұясын Ирақты басып алған елдер ұйымдастырған делінді. Бұл жерде Америка Құрама Штаттары мен оның одақтастары тұспалданып отыр. Иран министрлігі егжей-тегжейлі мәлімет ашпады, алдағы күндері көбірек ақпарат береміз деп қысқа қайырды. Иран Америка Құрама Штаттары мен Британия қауіпсіздігімізді бұзғысы келеді деп анда-санда айтып тұрады, бірақ осы жолғы мәлімдемеде ешбір мемлекет нақты аталмады.