Accessibility links

Украинаның бақталас басшылары келісім тапты


Украина президенті Виктор Ющенко парламент сайлауын мерзімінен бұрын, 30 қыркүйекте өткізуге келістік деп жариялады. Ющенко бұл жаңалықты бүгін тәңертең ерте жариялады, ол саяси бақталасы, бас министр Виктор Януковичпен мәселені талқылап, осындай келісімге келді. Президент Ющенко парламентті тарату керек, парламент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу керек деп сәуір айында бұйырған болатын. Бұдан соң елде саяси дағдарыс басталған еді. Президент Ющенко дағдарыс енді соңына жетті, ортақ келісім таптық деп жариялады.
XS
SM
MD
LG