КИЕВ: Украина премьер-министрі Виктор Януковичтің кеше мәлімдегеніндей, елдің тағы да саяси дағдарысқа ұрынбауына кепіл болуы үшін президент В.Ющенко мен өзі қолдан келгеннің барлығын істейді. Саяси теке-тіресті қойып, кезектен тыс парламент сайлауын 30-ыншы қыркүйекте өткізу туралы В.Ющенкомен арада келісімге келген келіссөзінен кейін кеше В.Янукович осылай деп хабарлады. Өзара уәжге келгендерін көрсету үшін президент пен премьер-министр футболдан Украинаның 2 жетекші клубының кездесуінде иық қағысып қатар отырды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Крокустегі" теракт
Путин неге Мәскеудегі шабуылға Киев пен Батысты кінәлайды?