Accessibility links

Ресми Брюссель Украина лидерлерін өзара уәжге келуімен құттықтады


БРЮССЕЛЬ: Еуропа Одағы Украинаны бақталасқан саяси күштердің кезектен тыс парламент сайлауын 30-ыншы қыркүйекте өткізу жөнінде өзара уәжге келіп, елді саяси дағдарыстан шығуымен құттықтады. Еуроодақ басшылығының мүшесі Х.Солана өзінің осы мәлімдемесінде Украина басшыларын “демократия алдындағы міндеттемесіне адал болып қалуымен” құттықтайды. Сонымен қатар Х.Солана президент В.Ющенко мен премьер-министр В.Януковичтің арасындағы келісім – Украина мен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастықты тереңдету үшін Украинаның көздеген реформаларын іске асыруына мүмкіндік береді деген үмітін білдіреді.
XS
SM
MD
LG