МӘСКЕУ: Мәскеу милициясы қаладағы гейлер мен гомосексуалдардың бейресми шеруі барысында шыққан жаппай тәртіпсіздіктен кейін 31 адамды ұстады. Гомосексуализмді “зұлымдық” деп есептейтін Ресейдің әсіре ұлтшылдары мен діни экстремистері жиынға қатысқандарды жұдырық пен тепкінің астына алды. Мәскеудің құқық сақшылары қамауға алған адамдардың арасында Ресей гейлері қауымдастығының жетекшісі Николай Алексеев және Батыс елдерінен келген талай заңгер болды. Мәскеу әкімі Ю.Лужков өзінің гомосексуализмді қолдамайтынын және қалада гейлердің шеру өткізуіне түбегейлі қарсы екенін мәлімдеп келеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Азаматтық қоғамға – Алашорданың мүлкін қайтару. Төртеудің хаты