Accessibility links

Израильдегі Еңбек партиясының жаңа лидері Ольмерттен үкімет басынан кетуді талап етеді


ТЕЛЬ-АВИВ: Израильдің қорғаныс министрі Амир Перец Еңбек партиясының лидері болып сайлана алмай, премьер-миниср Эхуд Ольмерт бастаған коалициялық үкіметтің келешегін бұлыңғыр етті. Дүйсенбі күні Еңбек партиясының жаңа лидерін сайлау барысында А.Перец экс-премьер-министр Эхуд Барак пен ішкі қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшысы Әми Аялоннан кейін үшінші болып дауыс жинады. Дауыс берудің келесі айда өтетін соңғы турына шыққан Барак пен Аялон – егер Ливандағы өткен жылғы соғыс үшін ащы сынға қалған Ольмерт үкімет басынан кетпейтін болса, онда Еңбек партиясының мүшелерін үкімет құрамынан шығарып алатындарын мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG