Accessibility links

Мамандар семіздіктен арылуға көмектесетін үстел ойлап шығарды


Сізде бірқалыпты болса да, бірақ күш-қуатты көп талап ететін еңбектен әбден жалыққан және, әрине, шаршап-шалдыққан сезім болып көрді ме? Америка Құрама Штаттарындағы Майо клиникасының мамандары дәл сондай сезім туғызатын, бірақ бұл жолы жалығып шаршаудың орнына Сіздің көп калория жұмсап, арықтауыңызға да мүмкіндік беретін жабдық ойлап тапты. Оның құрылысы қандай? Ол “Treadmill Desk” немесе “бірқалыпты механикалық еңбектің үстелі” деп аталады.

“Treadmill Desk” немесе “бірқалыпты механикалық еңбек үстелін”, сонымен қатар, “еңбектің вертикалдық стансасы” немесе “серуен мен еңбек үстелі” деп те атайды. Бұл жабдық дөңгелектері бар платформаға орнатылған компьютер клавиатурасы мен экраннан тұрады. Бұл үстел гимнастикада бір қимылды көп қайталап орындай берген тәрізді, бірқалыпты механикалық еңбекті қайталап атқара беру үшін құрастырылған. Оны қолданатын адам бұл үстелді компьютер секілді өзіне қолайлы етіп ықшамдап алуына болады.

АҚШ-тағы Миннесота Штатының Рочестер қаласындағы Майо клиникасының мамандары Джеймс Левайн (James Levine) мен Дженифер Миллер (Jennifer Miller) бұл жабдықты семіздікке қарсы күресетін құрал ретінде ойлап тапты. Бүкіл дүние жүзіндегі семіздердің қатары тез өсіп барады. Өйткені, дүние жүзі елдерінің экономикалық жүйелері барған сайын дамып, жұрттың басым көпшілігі көбіне бір жерде қозғалмай жұмыс істеуге дағдыланып барады. Левайн мен Миллердің ортақ пікірі бойынша, 2010-ыншы жылға қарай дамушы елдердегі жұмыс күшінің тең жартысынан астамы компьютермен жұмыс істейтін болады.

Джеймс Левайн мен Дженифер Миллер өздері құрастырған жабдығын салмағы кем дегенде 86 келі болған және ешқашан жаттықпаған 10 шақты адамға қолданып сынап көрді. Зерттеушілердің мәлімдеуінше, әлгі адамдарға өздерінің жабдығы ұнап қалған. Левайн мен Миллердің пайымдауынша, егер салмағы артық немесе семіз кеңсе қызметкерлері "treadmill desk" немесе “бірқалыпты механикалық еңбек үстелін” күніне 2-3 сағат пайдаланатын болса, онда тамақты бұрынғыдай көп ішкен күннің өзінде де жылына 20-30 келіге арықтай алатын еді. Екі тапқыштың мұндай жабдығын сатып алуға әлі болмайды, бірақ орташа тұтынушы үшін ол тым қымбатқа түсуі мүмкін. “Treadmill Desk” немесе “бірқалыпты механикалық еңбек үстелінің” сынаққа түскен үлгісі 1600 доллар тұрады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG