Accessibility links

Келешекте сымсыз телефондар қандай болмақ?


Ең алғашқы сымсыз немесе мобил телефондар адамның бәтеңкесі тәрізді айтарлықтай ауыр әрі өте қолайсыз болды. Ал 21-інші ғасырдың басындағы сымсыз телефондардың кейбір түрі кредит картасындай жұп-жұқа және дәстүрлі телефоннан әлдеқайда көп қызмет көрсете алады. Тұтынушылар сымсыз телефонымен әлемнің кез-келген түкпірімен әп сәтте байланысып қана қоймай, фотоаппарат тәрізді суретке де, бейнесюжетті де түсіре алады немесе отыра қалып Интернетке де шыға береді, музыканы да тыңдайды, компьютер ойындарын да ойнайды, не болмаса қалаған сәтінде теледидар немесе көркем фильмді қызықтай алады. Ал келешектегі мобил телефондардың қабылеті одан да көп болатын түрі бар.

Өткен аптада мобил телефондарын құрастырып шығаратын “Нокиа” (Nokia) фирмасы өзінің тұтынушысына найзағайдың жақындағанын ескертетін сымсыз телефонның үлгісін құрастырып шығарғанын хабарлады. Сымсыз телефонның мұндай үлгісі гольф ойыншылары мен сыртта серуендеуді жақсы көретіндер немесе жаңбыр құйып тұрғанда үйде қамалып отыруды жаны сүймейтіндер үшін өте қолайлы болар еді.

Мобил телефондарын шығаратын өзге фирмалар да өз тұтынушыларының денсаулықтарын ойлайды. Мысалға, Күншығыс елінің (Жапония) электроника фирмасы – Nikkei – тұтынушысының дене қызуын, қан қысымын және жүрегінің соғуын өлшейтін сымсыз телефонды дамыту үстінде. Тұтынушысының денсаулығын қадағалау үшін мұндай мәліметтерді телефонның жадында ұзақ сақтауға болады екен.

Сымсыз телефонның жаңа қызметтері болуы да мүмкін. Бірақ олардың сыртқы пішіні қазіргі телефондардан тіпті өзгеше болуы да ғажап емес. Қазірдің өзін де сағат сияқты қолға тағып жүретін телефондар шыға бастады.

Сымсыз телефондардың осы күні жобаланып жатқан тағы бір ерекшелігі – кімнің телефон соғуына қарай телефонның түсі де өзгеріп салуы болмақшы. Мысалға, тұтынушысының ғашығы телефон соқса, телефон қызыл түске боялуы мүмкін. Өткен дәуірдің классикалық телефондарын аңсайтындар үшін Колорадоның компаниясы 1950-інші жылдардағы қабырғаға ілініп тұратын қара түсті ауыр телефондарды елестететін мобил телефонын жасап шығарды. Бірақ, бұл телефонның ерекшелігі – оны қайда барсаңыз да өзіңізбен алып жүре аласыз. Ал нөсер жаңбыр шелектеп құйып тұрған кезде де қол қусырып отыруды қаламайтындар үшін су жібермейтін мобил телефондары тағы бар.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG