Accessibility links

АҚШ үкіметі Судан мемлекетіне жаңа санкцияларды жариялады


Америка Құрама Штаттары Дарфур өлкесінде қанды қақтығыстарды тоқтатпаған Судан мемлекетіне жаңа санкцияларды жариялады. Президент Джордж Буш Судан үкіметі бақылап отырған не болмаса иелік жасап отырған 31 компанияға және төрт азаматқа қарсы жазалау шараларын жариялады. АҚШ президенті Біріккен Ұлттар Ұйымына қайырылып, Суданға қосымша шара қолдануға шақырды. Буш Судан үкіметі қантөгіс пен зорлық-зомбылыққа атсалысып отырмыз, АҚШ әкімшілігі мұны нақты геноцид деп біледі деді. Буш халықаралық қауымдастыққа қайырылып, Судан зұлматын тоқтатуға шақырды. Дарфурда төрт жылда 200 мыңдай адам қаза тапты, екі миллионнан астам адам босып кетті.
XS
SM
MD
LG