Сотта қорғанушы тарап, яғни Ғилымов жағы, сотқа оның өткен аптада кейбір ақпарат құралдары арқылы жария еткен мәлімдемесін табыс етіп, сот ісіне тігуді өтінді. Сотта куәлардан жауап алу барысында бұған дейін БАҚ беттерінде жарияланбаған кейбір деректер шықты. Мысалы, Ж.Темірәлиев жоғалатын күні түнгі сағат 10-ға дейін банк ғимаратында өз жұмыс орнында болған банктың басқарма бастығының орыбасары Қайранова Жанардың айтуынша, кешкісін сағат алты мен жеті аралығында Армангүл Қапашева телефон шалған соң, банк қызметкері Мұрат Асқаровтан және Рахат Әлиевтің хатшысы Таңатбаевадан сұрап, Темірәлиевтің әлі Рахат Әлиевтың бөлмесінде отырғанын білгенін айтты.
«Ал кешкі сағат сегіз бен тоғыз аралығында Рахат Әлиев қасында екі оққағармен менің бөлмемнің алдында тұрып қатқыл дауыспен: банк ғимараты менікі, сондықтан оқ тиетіндей қылып атыңдар дегенін естідім», - деді Жанар Қайранова.
Сотта жауап берген тағы бір куә банктағы шаруашылық жөніндегі бастық орынбасары Баракбаев Нұрлан: «Әбілмәжін Ғилымов қаңтардың 25-күні Алматы қалалық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Самалиховқа барып, жанұясы мен өз басына төнген қауіп туралы айтып беріп, қорғауын өтінген екен. Осы істі үйлестіруді басында мен бастағанмын», - деді.
Қорғанушы жақтың жақтаушылары судьядан соттағы қосымша анықталған жағдайларға байланысты қамауда отырғандардың бәрін қолхат арқылы босатуын өтініп еді, бірақ судья оны қанағаттандырмай, соттың келесі отырысын бейсенбі күнге тағайындады.