Accessibility links

Неміс нацисінің әділ жазадан құтылуына Қызыл Крест ұйымы көмектесіпті


БУЭНОС-АЙРЕС: Буэнос-Айрес қаласында неміс нацистерінің бірі Адольф Эйхманның кезінде Аргентинаға қашып құтылуына мүмкіндік берген паспорты табылды. Төлқұжат аяқастынан сот мұрағатынан аңғарылды. Эйхманға “Рикардо Клименттің” атына жазылған паспортты 1950-інші жылы Женевадағы Қызыл Крест ұйымы берген көрінеді. 2-інші дүниежүзілік соғыс жылдарында жөйттерді өлім лагерлеріне аттандырумен шұғылданған Эйхманды 1961-інші жылы Буэнос-Айресте Израиль тыңшылары ұстап, Израильге алып кетіп, сот оны соғыс қылмыстарын істеді деп тапты. 1 жылдан кейін ол өлім джазасына кесілді.
XS
SM
MD
LG