Accessibility links

5 британ азаматын ұстап алып кеткендер – М.Ас-Садрдың жасағына ұқсайды


БАҒДАД: Ирақтағы британ әскері сейсенбі күні Бағдадтағы қаржы министрлігінен кісі ұрлаушылар ұстап алып кеткен 5 британ азаматының тағдырын анықтау үшін Ирақ үкіметімен қоян-қолтық әрекет етіп жатыр. Полицейше киінген кісі ұрлаушылар, полицияның үйреншікті әдетіне салып, көрші көшелерді бөгеп, қаржы министрлігіне үлкен автокеруенмен келген. Ирақ шенеунектерінің пайымдауынша, британ азаматтарын шийттердің бітіспес рухани лидері Мұқтада Ас-Садр қарулы құрамасы ұстап алып кеткенге ұқсайды.
XS
SM
MD
LG