Accessibility links

Иран уран шикізатын байыту жұмыстарын тоқтатпайды


ТЕҺРАН: Ресми Теһран ешбір шартқа қарамастан байытылған уран өндіруден бас тартпайтынын тағы да мәлімдеді. Мұндай үзілді-кесілді мәлімдеме Иранның ядролық бағдарламасы проблемасы бойынша Еуроодақ пен Иран арасындағы келіссөздің басталуы қарсаңында жасалып отыр. Еуроодақ бұл келіссөзді халықаралық қоғам атынан жүргізеді. Уран шикізатын байыту жұмыстарын тоқтату – БҰҰ-ының Теһранға қойып отырған ең басты шарты. Еуроодақ басшылығының мүшесі Х.Солана мен Иранның ресми өкілі Әли Лариджанидің келіссөзі ертең Мадридте өтуіге тиіс.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG