АСТАНА-ВЕНА: Бүгін Қазақстан президент Н.Назарбаевтың үлкен күйеу баласы Р.Әлиевті ұстап беру туралы Аустрияға ресми сұрау жолдады. Р.Әлиев – Н.Назарбаевтың үлкен қызы Дариғаның күйеуі болып табылады. Дүйсенбі күні Қазақстанның ішкі істер министрлігі Интерпол арқылы Р.Әлиевті тұтқындауға ордер берді. Оған “2 кісіні ұрлады” және “ұйымдасқан қылмыстық топпен байланысы бар” деген айыптар тағылып отыр. Қазақстан президентінің жарлығымен 26-ыншы мамыр күні қызметінен босатылғанға дейін Р.Әлиев Қазақстанның Аустриядағы елшісі әрі Қазақстанның бірқатар халықаралық ұйымдағы арнаулы да тұрақты өкілі болды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?