Мамырдың 27-сінде ел президенті мен үкімет басшысы қыркүйектің 30-на ерте сайлаулар шақыру жөнінде ортақ шешімге келген еді. Бұл жөніндегі заңды қабылдауға парламентке мамырдың 30-ына дейін уақыт берілген-ді. Бұл уақыт межесін одан әрі ұзартуға президент Виктор Юшенконға ұсыныс жасалған болатын. Енді президенттің қандай шешім қабылдары белгісіз.