Мұражай орналасқан жерде бұрын «Отанына опасыздық жасаған отбасы мүшелерінің Ақмола лагері» (АЛЖИР) болған. Кешен сәулетшілерінің айтуынша, кіре берісте биіктігі 18 метрлік аза тұту қасірет қақпасы жасалған. Әрі қарай келушілер 12 метрлік туннель арқылы өтеді. Оның қабырғаларында тоталитарлық режим көріністері бейнеленген. Әрмен қарай мұражайда «Қызыл және ақ террор», «ұлтшылдарға қарсы құғын-сүргін», «Қазақстандағы аштық» және тағы басқа экспозицияларды көруге болады. Саяси қуғын-сүргін құрбанының немересі Маяш Қозыбаева өз атасының суретін арнайы мұражайға қою үшін алып келіпті:
- Біздің атамыз Жәнібеков Жанұзақты кезінде жау деп атып тастаған. Сол кісі Алаш қозғалысының белсенділері Мұқанов, Бөкейханов, Байтұрсыновпен бірге жұмыс істеген.
Мұражайдың ашылуында сөйлеген Қазақстан президенті Назарбаев саяси қуғын-сүргін қайталанбайды деген уәде берді:
- Мұндай қасіретті енді Қазақстанда қайталанбайтындығына біздің мемлекетіміз және мен президент ретінде кепілдік беремін.
«Алаш» ғылыми-зерттеу институтының басшысы ғалым Диқан Қамзабекұлы Алаш зиялыларының жұмыстарына әлі күнге дейін жеткілікті көңіл бөлінбей келе жатқанын айтады:
- Мемлекеттен үлкен қаржы бөліп, олардың еңбектерін архивтерге жіберіп толықтыру қазір қиын жағдайда. Біз көбінесе тарихты сөре қылып қойып қойдық, ал кітапты қайта оқып, оны талдап жатқан жоқпыз.
Филолог Серік Нигимов Алаш зиялыларының жұмыстарын насихаттау керек деп санайды:
- Поштаның маркаларында суреттерін беру керек, жер-жерде үлкен университеттерде мәжіліс өткізіп, үлкен ескерткіштерін орнату керек, олардың еңбегін жариялау қажет.
«Алаш» ғылыми-зерттеу институтының басшысы Диқан Қамзабекұлы болса, президент Назарбаев жуырда Алаш қайраткерлеріне Астананың сол жағалауынан ескерткіш орнатуға келісімін бергенін айтты.