1980-ші жылдары АҚШ президенті Рональд Рейган Стратегиялық қорғаныс бастамасының бағдарламасын жоспарлаған болатын.
“Жұлдыздар соғысы” деген атқа ие болған ол бағдарлама, Совет экономикасы аталған қарулану жарысына қосыла алмайтын болғандықтан, жүзеге аспаған күйінде қалған еді.
Қазір Құрама Штаттар зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің бір бөлігін Орталық Еуропаға орналастыруды жоспарлауда. Польшаға зымыран, ал Чех еліне радар орналастыру - АҚШ Ұлттық зымырандық қорғаныс бағдарламасының бір бөлігі боп табылады. Бұл бағдарлама Солтүстік Америка мен Еуропаны қорғау үшін қажет делінуде. Бұл жүйені кейбіреулер “Жұлдыздар соғысының баласы” деп те атап үлгерді.
Бұл жүйелер Ресейге қарсы бағытталған, деп сынай келіп, ресми Мәскеу бұл қадамды Құрама Штаттар тарапынан қарулану жарысын бастауға ұмтылысы деп бағалады. Мамырдың 29-да Ресей елі құрылық аралық баллистикалық зымыранды табысты түрде сынақтан өткізген болатын. Мамырдың 31-і күні Мәскеуде Греция президенті Карлос Папоулияспен сөйлесулерден кейін баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде Ресей президенті Владимир Путин:
“Жаңа қарулану жарысын бастап отырған біз емес. Ресейдің жүзеге асырып отырған әрекеттері әлемде тепе-теңдікті сақтау үшін жасалуда. Мұның өзі әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін өте маңызды мәселе”, - деді.
Құрама Штаттары болса, “зымыраннан қорғаныс жүйесі Ресейге қарсы бағытталмаған. Ол бар болғаны Солтүстік Корея және Иран елдерінен болуы мүмкін шабуылдардан қорғану үшін қажет”, деп келеді. АҚШ-тың НАТО-дағы елшісі Виктория Нуланд мамырдың 31-і күні «Азаттық» радиосына берген сұхбатында “Құрама Штаттар қаруланудың жаңа жарысын бастамақшы”, деген Ресей елінің айыптауын жоққа шығарды. Қарулану жарысының мүмкін еместігінің бір себебі, ол идеяға АҚШ Конгресінің қарсылығында болып отыр. Зымыранға қарсы жүйе технологиясының тиімділігі және ол қадамның АҚШ пен Еуропа қарым-қатынастарына әсерін Құрама Штаттардағы кейбір сарапшылар мен саясаткерлер сұраққа алып отыр. Қазіргі кезде демократтардың бақылауындағы Конгрес болса жоғарыда аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін Пентагонның сұрап отырған 310 миллион доллар қаржысын қысқартуды қарастыруда.
Ресейдің де өз елі ішіндегі өз қызығушылықтары болып отыр. Сарапшылардың пікірінше жаңа Қырғи қабақ соғыс немесе жаңа қарулану жарысы жөніндегі әңгімені ресми Мәскеу өз халқына арнап айтып отыр. Алда келе жатқан Ресей парламенті сайлаулары мен 2008-ші жылдың наурыз айына белгіленген президенттік сайлаулар қарсаңында осындай насихат қажет болуда. Кремль ресмилері өз халқына Ресей қайтадан ірі күшке айналды дегенді көрсеткісі келеді, дейді Ресейдің әскери сарапшысы Александр Голтц.
Сарапшы Павел Фельгенхауердің айтуынша, өткен жылы Ресей әскерін жаңашалауға 8 миллиард 800 миллион доллар жұмсауды көздеген екен. Үстіміздегі жылы бұл көрсеткіш тағы да жоғарылай түссе керек.
Қалыптасып отырған бұл жағдайларды жұмсартуға АҚШ президенті Джордж Буш пен Ресей президентінің әлі де мүмкіндіктері бар. Біріншіден, маусым айының 6-8 аралығында Германияда өтетін Үлкен 8-дік ұйымының саммитінде. Және екіншіден, шілденің 1-2-де Мейндегі Кеннебункпортта болатын кездесуде осындай мүмкіндік тумақшы. Кеннебункпортта Буш отбасының мұхит жағалауындағы резиденциясы бар.