Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің хабарлауынша, 2007 жылдың 1-маусымынан бастап тарифті көтеруге барлығы 47 өтініш түскен. Бірақ, солардың ішінде 14 өтініш табиғи монополия жөніндегі заң талаптарына қайшы келеді деген себеппен қараусыз қалды. Ал, қалған монополистердің жұмысы зерттелгеннен кейін, 6 тариф бұрынғы қалпында өзгертусіз қалды деп хабарланды. Алайда, 10 тарифті көтеруге агенттік рұқсат берді. Осылайша, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы Талдықорған, Текелі, Петропавл, Мақтыарал тұрғындары су үшін бұрынғыдан көбірек ақша төлейтін болды. Сонымен қатар Алматы және Солтүстік Қазақстан облысының жоғарыда аталған қалаларында канализация жүйесін пайдалану құны өсті. Монополистердің айтуынша, Алматы облысында тарифтің көтерілуіне электр қуатының құны қымбаттауы әсер еткен. Ал, индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақовтың мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысында электр қуатымен жұмыс істейтін компания еншілес саудагер компания арқылы барлық елде қуатты қымбаттатып жіберген. Солтүстік Қазақстан облысының монополистері болса, тозығы жеткен құбырды жөндеуге кететін шығын өскен соң тарифті көтеруге мәжбүрміз деп отыр.
Қазақстанның су ресурстары комитетінің мамандары айтып өткендей, әр облыста жүздеген шақырым су құбырларының қолдануға жарамды уақыты таусылған. Ал, жыл сайын жөндеуден өтетіні тек ондаған шақырым.
- Агенттік табиғи монополиялардың тарифтеріне келгенде кемсітуге барады, - дейді «Қарағанды су» кәсіпорнының өкілі Виссарион Ким.
Кимнің айтуынша, әкімшілік ресурстар қатты қолданылып келеді. Ал, бұл экономикаға жақсылық жасау үшін жасалып жатқанымен, керісінше кесірін тигізуі мүмкін.
Тауар өндірушілер мен экспортерлер одағының президенті Николай Радостовецтің айтуынша, кәсіпкерлерге бәсеке таласын әділетті ету керек. Мысалы, басқа елдерде бәсекелестікті қорғау комитеттері тергеу жүргізуге құқылы, дейді ол.
Алайда, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің хабарлауынша, 1 маусымнан бастап көптеген тарифтер көтерілгенімен, 3 тариф, керісінше, төмендейді. Агенттік мәліметінше, тариф бекіту ережесіне сай, егерде монополист бюджеттен субсидия алса, онда ол тарифін кемітуге тиіс. Осы бапқа сүйеніп, Көкшетаудың өндірісті су құбырын пайдалану құны бір жарым пайызға кеміген деп хабарланып отыр. Индустрия және сауда министрлігінің мәліметінше, жуырда кейбір монополистер өз бағаларын төмендетуі ықтимал. Қазір монополияға қарсы екінші мекеме министрлік ішіндегі бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитет "GSM" "Қазақтелеком" кәсіпорнындағы тексерістерін аяқтауға жақын. Комитет төрағасының орынбасары Жанат Қожахметов хабарлағандай, осы тексеріс нәтижесі бойынша монополист көрсетіп отырған мобильдік байланыс қызметтерінің бағасын төмендету жоспарланған.
Қазақстанның индустрия және сауда министрінің мәліметінше, мемлекеттік реестрде мыңға жуық монополист бар. 2000-ыншы жылы монополистер агенттікке жылына төрт рет бағаны көтеруге рұқсат сұрап келетін, кейін жылына екі рет тариф өзгертуге рұқсат берілген. Ал, соңғы өзгерістерден кейін Табиғи монополия жөніндегі заңға сәйкес монополистер тарифтерді жылына тек бір рет өзгертуге құқылы.