Accessibility links

Соғыс қылмыстарын жасады деп күдіктелген Босниялық серб генералы тұтқындалды


Соғыс қылмыстарын жасады деп күдіктелген Босниялық серб генералы Здравко Толимир бүгін Гаагадағы халықаралық трибуналға тапсырылады. Здравко Толимирді бейсенбі күні Серб және Босния полициясы Босния шекарасында тұтқындады. Толимир қашқындағы Босниялық серб қолбасшысы Ратко Младичтің көмекшісі болған. Гаага трибуналы бас прокурорының баспасөз-хатшысы Ольга Кавран Толимирдің қамауға алынғандығын жылы қабылдады.

“Сребреницадағы геноцидке ең жауапты болған деп күдіктелген Ратко Младич пен Радован Карадзич де сотқа тартылады деп үміттенеміз”, - деді Кавран.
XS
SM
MD
LG