«Азаттық» радиосы тәжік редакциясының хабарлауына қарағанда, Мәскеуде жұмыс істеп жүрген тәжік мигранты ауыр соққыға жығылған. Шабуыл жасаушылар скинхедтер тобы болуы мүмкін. Тәжік редакциясына берген сұхбатында, ауруханада жатқан Абулла Сайфуллин досы екеуіне 15 шақты жасөспірімнің шабуылдағанын айтқан. Досы қашып құтылған. Бес баланың әкесі, 44 жасар Сайфуллиннің денсаулығы қазір дәрігерлердің бақылауында.