Accessibility links

Ливанда үкімет әскері мен экстремистердің шайқасында 100-ге тарта бейбіт тұрғын қаза тапты


ТРИПОЛИ: Ливанның солтүстігіндегі Триполи қаласының маңында үш тәулік бойы кескілескен шайқас өтіп жатыр. Үкімет армиясы “Фатх Әл-Ислам” тобының жасақтары бекініп алған палестиналық босқындардың лагерін тікұшақтардан, танктер мен зеңбіректерден атқылау үстінде. Ливан премьер-министрі Фуад Синиора экстремистерге қаруын тастап берілуді ұсынды, болмаса – олардың көздері жойылатынын ескертті. Босқындар лагері 20-сыншы мамырдан бері қоршауда отыр, онда әлі 3 мыңға жуық бейбіт тұрғын қалып, содан бері 100-ге жуығы қаза тапты.
XS
SM
MD
LG