Accessibility links

“Бостандық аралының” лидері Ф.Кастроның денсаулығы біршама оңалыпты


ГАВАНА: Бүгін Куба теледидары Фидель Кастроның Вьетнам компартиясының Бас хатшысы Нонг Дык Манмен кездескен сәті түсірілген бейнесюжетті көрсетті. Куба лидері теледидардан соңғы 4 ай ішінде алғаш көрінді. Бейнесюжетте 80 жастағы Ф.Кастро әлдеқайда түзелгендей көрінеді. Өткен жылдың 31-інші шілдесінде Куба лидерінің ішегіне ауыр операция жасалды. Сол кезден бері Кубаны оның туған інісі Рауль Кастро билеп келеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG