Accessibility links

Ресей мен жапон лидерлері Курил аралдарының мәселесін Германияда талдайды


МӘСКЕУ: Ресейдің сыртқы істер министрі С.Лавров Жапония жағы даулап жүрген 4 Курил аралдарының екеуіне аяқ басты. Хабарға қарағанда, бұл Ресей сыртқы істер министрінің Совет Одағы күйрегеннен кейінгі Курил аралдарына алғаш рет келуі көрінеді. Бұл аралдарды Совет Одағы 2-нші дүниежүзілік соғыстан кейін басып алған болатын. Ресми Токио Мәскеуден 4 аралды да кейін қайтарып беруін талап етеді. Ресей мен Күншығыс елінің лидерлері “Курил аралдары проблемасын” “Үлкен сегіңздіктің” Германиядағы саммитінде талқылауға тиіс.
XS
SM
MD
LG