Accessibility links

Президенттің үлкен күйеу баласы Қазақстанда өзі мен отбасына қауіп төнеді деп мәлімдейді


АСТАНА-ВЕНА: Сенбі күні Қазақстан президенті Н.Назарбаев Австрияның бундес-канцлері Альфред Гузенбауэрмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Назарбаевтың күйеу баласы Р.Әлиевтің меншігіне жататын “Қазақстан тудэй” агенттігі. Агенттіктің айтуынша, әңгіме Австрия лидерінің Түркияға ресми сапары кезінде болған. Н.Назарбаев А.Гузенбауэрден Р.Әлиевті Қазақстанға ертерек беруді өтінген. Бірақ, бундес-канцлердің баспасөз-қызметі мәлімдегендей, Гузенбауэр, билік тармақтарының бөлінуі принципіне сәйкес, Австрияның сот билігіне ықпал ете алмайтынын атап көрсеткен. Ал “Рейтер” агенттігінің хабарлауынша, қазақ жағының сұрауы бойынша Австрияда тұтқындалған Р.Әлиев ресми Венадан өзін Астанаға бермеуді өтінген. Австрияның “Profil” журналына берген сұхбатында Р.Әлиев Қазақстанда өзі мен отбасына қауіп төнетінін мәлімдепті.
XS
SM
MD
LG