Accessibility links

Ғаламдық ауа райының құбылуына ең алдымен дамыған Батыс елдері кінәлі


БЕЖИН: Қытай ғаламдық ауа райының құбылуына қарсы күреске қосылатынын, бірақ ол күреске ең алдымен экономикасы дамыған елдер атсалысуға тиіс деп санайды. Ғаламдық ауа райының жылынуына қарсы Қытайдың бірінші мемлекеттік жоспарын әзірлеген Даму және реформалар жөніндегі Ұлттық Комиссия ауа райының құбылуына қарсы күрес шін ең үлкен жауапкершілікті Батыстың дамыған елдері көтеруге тиіс деп мәлімдеді. Аталған Комиссияның төрайымы Ма Кэй ханым атап көрсеткендей, ауа райның құбылуына әсер еткен көмір қыщқыл газдың басым бөлігі өнеркәсібі 200 жыл бойы өркендеп келе жатқан Батыстың үлесіне тиеді.
XS
SM
MD
LG