Accessibility links

Ливан армиясы 2 бірдей экстремистік топқа қарсы шайқасу үстінде


БЕЙРУТ: Ливандағы үкімет әскері мен ислам экстремистерінің арасындағы шайқас Палестиналық босқындардың басқа лагеріне де жайылды. Бұл жолы Ливан әскері елдің оңтүстігіндегі босқындар лагеріне бекінген экстремистік “Джун Әш-Шам” тобымен қақтығысып қалды. Түнгі атыста 2 Ливан жауынгері оққа ұшып, үшеуі жараланды. Ливанның солтүстігінде тағы да босқындар лагерін паналған “Фатх әл-Ислам” тобына қарсы шайқас 4 тәулік бойы жалғасып, оның барысында 100-ден аса адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG