КАБУЛ: АҚШ-тың қорғаныс министрі Р.Гейтс АҚШ армиясының Ауғанстаннан Иранның қару-жарағын тауып алғанын тағы да қайталап айтты. Бүгін Кабулда Ауғанстан президенті Х.Қарзаймен бірге өткізген баспасөз-маслихатында Р.Гейтс Иран қаруының Ауғанстанға қалай жеткізілгенін айта алмайтынын, бірақ ол жайттың тергелетінін мәлімдеді. Сәуір айында АҚШ қорғаныс министрлігінің өкілі Питер Пейс Кандагар облысындағы тәліптерден Иранда шығарылған мина-атқыштар мен қопарғыштарды тәркілеп алғанын мәлімдеген болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Азаматтық қоғамға – Алашорданың мүлкін қайтару. Төртеудің хаты