Accessibility links

Германияның Балтық жағалауындағы курортты қаласында үлкен сегіздік ұйымының саммиті өтеді


Басқосу барысында ауа райының өзгеруі, көмектердің көбейтілуі және қауіпсіздік мәселелері сөз болмақшы. Алайда аталған басқосу барысында қарсылық шерулері де болуы мүмкін.

Үлкен 8-дік ұйымының бұл жолғы басқосуы өтетін Германия елінде ол саммит басталмай жатып-ақ қарсылық шерулері басталып кетті десе болғандай. Росток қаласындағы шеру барысында кем дегенде мың шақты адам жараланған. Полиция өкілі Ачим Риддердің айтуынша ол шеруге 20 мыңдай ғана адам қатысқан. Полиция офицерлерінің 433-і жараланған екен. Олардың 30-ы ауыр халде. Күш қолданғандары үшін 125-тей адам тұтқындалған. Оның 52-сі босатылған екен. Мұндай қарсылық шараларын полиция күтпеген де екен. Алайда одан сескеніп те отырған жоқ, - дейді Ачим. Германияның курортты қаласы Хейлигендамда маусымның 6-сы мен 8 аралығында болатын бұл саммит күн тәртібіндегі басты тақырыптар қатарында климаттың өзгеру проблемасы талқыланбақшы. Косовоның мәртебесі мен әлемдік сауда қатынастарын қайта қалпына келтіру сөз болмақшы. Тағы бір айқын нәрсе АҚШ-тың зымыраннан қорғаныс жүйесіне байланысты Құрама Штаттар мен Ресей арасындағы даулы сауалдар күн тәртібінің біраз уақытын алатынға ұқсайды.

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ-тың зымыраннан қорғаныс жүйесінің бір бөлігі боп табылатын радарды Чех жерінде, ал Польшада зымыран аулағышты орнату жоспары одан әрі жалғаса беретін болса, онда Ресей Еуропадағы ол нысаналарды көздеу арқылы жауап береді, деген еді Ресей президенті Владимир Путин. АҚШ үкіметі мен НАТО болса, Путиннің бұл мәлімдемесін “жеміссіз” деп сынады.

Бұл жоспарын талқылау мақсатында АҚШ президенті Джордж Буш осы үлкен 8-дік саммитіне дейін және одан кейін болатын Чехия мен Польшаға сапарларында Американың осы зымыраннан қорғаныс жүйесі идеясын өзінің қолдайтындығын тағы да баса көрсетпекші. Сондай-ақ бұрынғы Совет республикаларындағы демократияның жайына да Буш назар аудармақшы.

Қазіргі кезде Еуропа одағына төрағалық етуші Германия елінің канцлері Ангела Меркель ауаға көмірқышқыл газын бөлуді азайтуға осы саммитте әлемдік міндеттеме қабылдануын қалайды. Атап айтқанда 1990-шы жылмен салыстырғанда 2020-шы жылға қарай ауаға бөлінетін зиянды газ көлемін 20 пайызға қысқарту- басты тілек болуда. Одан да ұзақ мерзім тұрғысынан қарағанда, 2050-ші жылға қарай ауаның жылынуын әлем бойынша екі градусқа төмендету көзделуде. Мұның өзі 1990-шы жылмен салыстырғанда ауаның ластануын 50 пайызға қысқарту болар еді. Мұндай мақсаттарды АҚШ-тың қолдау-қолдамауы ешқашан айқын болған емес. Алайда өткен аптада Буш мырза күтпеген ұсыныс жасады.

“2012-ші жылы Киото хаттамасының уақыты өткенге дейін Құрама Штаттар өзге де елдермен бірлесе отырып, ауаға бөлінетін көмір қышқыл газы көлемін азайтуға байланысты жаңа жүйе қалыптастыратын болады. Менің ұсынысым мынандай: келер жылдың соңына қарай Америка және басқа да елдер ауаға бөлінетін улы газдар көлемін азайтуға байланысты ұзақ мерзімге арналған, әлемдік мақсатты анықтайтын болады”, - деді президент Буш.
XS
SM
MD
LG