ВАШИНГТОН: Ал АҚШ-тың Республикалық партиясынан сайланған сенатор Крейг Томас ісік ауруынан қайтыс болды. 74 жастағы сенатор Вайоминг штатынан 6 жылға 3-інші рет қатарынан сайланған болатын. Жақындарының хабарлауынша, ол лейкомиядан емделіп келген көрінеді. Сенатор ретінде К.Томас, негізінен, Американың ішкі саясатымен айналысты. Вайоминг штатының губернаторы оның орнына Республикалық партиядан ұсынылған 3 үміткердің бірін тағайындауға тиіс.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?